Кедендік рәсімдеу

Қарапайым сөзбен айтқанда кедендік ресімдеу туралы

Кеден – мемлекеттің шекарасы арқылы тасымалданатын (импорт және экспорт) жүктерді бақылайтын мемлекеттік орган. «Жүктер» деп көлік, жабдықтар, тауарлар, заттар және т.б. танылады. Кеден тұрғысынан бұл жүктердің кез- келгені тауарлық немесе материалдық құндылыққа ие.

Кедендік өкілдік ететін мемлекет мынаны білуі қажет: шекара арқылы кім және не өтеді; оның қандай тауарлық – материалдық құндылығы және мақсаты бар; ол тауарды елден шығаруға немесе елге кіргізуге рұқсат бар ма;  Осылайша мемлекет контрабанданы, азаматтар мен бизнестің ішкі және сыртқы экономикалық қызметін қадағалайды.

ЕАЭО кедендік одағының аясындағы елдердің шекарасы арқылы көптеген жүктерді тасымалдау арнайы бюрократиялық қиындықтарды қажет етпейді – бұл ұйым осы үшін құрылған. Бұл одаққа кірмейтін басқа елдердің жүктерімен бәрі басқаша: Қазақстан Республикасының кеден заңнамасы тапсырыстарды алушылар мен жөнелтушілерден мынандай жүктерге кедендік декларацияны жасауын талап етеді. Бұл Қазақстаннан ЕАЭО аймағынан тыс елдерге жөнелтілетін жүктерге де қатысты.

Басқа сөзбен айтқанда, кедендік декларациялау дегеніміз – бұл жоғарыда біз келтірілген сұрақтарға алушылар мен жөнелтішулердің мемлекетке берген ресми жауабы.

Кедендік декларация –кедендік рәсімдеу шараларының ажырамас бөлігі, декларант – алушының немесе жөнелтушінің қатысуынсыз орындалмайды.


Қазақстанға немесе шетелге жөнелту үшін FedEx жөнелтуін таңдаудан бұрын төмендегі ақпаратты қарап шығыңыз:

Импорттық тауарларды кедендік ресімдеу

Жүкіңізді FedEx немесе TNT арқылы Қазақстанға жеткізуге тапсырыс бермес бұрын оның мазмұны Қазақстан аумағына әкелу кезінде кедендік ережелерге сәйкес келетініне және сіздің заңды мәртебеңіз кедендік ресімдеуге мүмкіндік беретініне көз жеткізіңіз.

Экспорттық жүктерді кедендік ресімдеу

FedEx арқылы жөнелтілімді Қазақстаннан басқа елге жеткізуге тапсырыс бермес бұрын, оның мазмұны Қазақстан аумағына әкелу кезінде кедендік талаптарға сәйкес келетініне және сіздің заңды мәртебеңіз кедендік ресімдеуге мүмкіндік беретініне көз жеткізіңіз.