Құрметті клиенттер!
«EMEX» ЖШС-нің операциялық процестерін жақсарту және тапсырыстарды өңдеу тиімділігін арттыру мақсатында 2023 жылдың 1 қазанынан бастап жіберушілер қолмен толтырған EMEX типографиялық жүкқұжаттарын өңдеу үшін қосымша ақы енгізіледі . Қосымша төлем құны: 1 (бір) жүкқұжаты үшін 200 теңге.
EMEX «Жеке кабинетінде» жасалған электрондық жүкқұжаттарды пайдаланған кезде қосымша ақы алынбайды.
«Жеке кабинетке» кіру және электрондық жүкқұжаттарды жасау үшін жеке менеджеріңізге хабарласыңыз немесе info@emexnet.com электрондық поштамызға сұраныс жіберіңіз.
Түсіністік пен ынтымақтастық үшін алғыс білдіреміз!
Қосымша алымдарды енгізу туралы ресми хабарлама
Құрметпен,
«EMEX» ЖШС
Қазақстандағы FedEx лицензиаты